Preview

Биоқауіпсіздік және Биотехнология

Кеңейтілген іздеу
№ 24 (2025)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРҒАУ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БИОТЕХНОЛОГИЯ

68
Аңдатпа

Бұл зерттеудің мақсаты R. equi штамы pVapA плазмидін ешкілерге жұқтырып, оларда гематологиялық көрсеткіштердің уақыттық динамикасын анықтап, бақылау тобымен салыстырмалы түрде қабынуға және ықтимал анемиялық үрдістерге тән өзгерістерді сипаттау. Rhodococcus equi штамы pVapA плазмидін Заанен тұқымды 2-3 айлық ешкілердегі гематологиялық көрсеткіштерге әсерін бағалау болды. Ешкілерге 10⁷, 10⁸ және 10⁹ дәрежедегі бактериялық езінділер 7 мл көлемінде мойын күре тамырына енгізілді. Қан үлгілері 0–65 күн аралығында алынып, лейкоциттер (WBC), нейтрофилдер, эритроциттер (RBC), гемоглобин (Hb), гематокрит (HCT), MCV, MCH, MCHC, RDW және тромбоциттер көрсеткіштері зерттелді. 95% сенімділік интервалдарының кеңдігі және CV көрсеткіштері салыстырмалы жоғары болып, (кейбір кезеңдерде >15%) жануарлар арасындағы жеке вариабельділіктің бар екенін дәлелдеді. Бұл шағын топтық зерттеулерге тән ерекшелік болып табылады. Hb, RBC, HCT, WBC және эритроцитарлық индекстер бойынша деректер эксперименттік препараттардың қан құрамына айтарлықтай әсер етпегенін көрсетеді. Дегенмен n=3 болғандықтан, бағытталған тенденциялар уақыттық профильді талдауда маңызды болып отыр. Hb мен HCT динамикасы оттегі тасымалдау әлеуетінің негізгі физиологиялық көрсеткіші ретінде талқыланды, ал RBC, WBC және эритроцитарлық индекстер қанның жалпы сапасы мен тұрақтылығын толықтырады.

СТАТЬИ

4-10 130
Аңдатпа

Бұл жұмыста Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысынан 2023–2024 жж. тіркелген індет ошағы кезінде бөлініп алынған жоғары патогенді құс тұмауы вирусының A/Cygnus cygnus/Karakol lake/01/2024 (H5N1) изолятының биологиялық қасиеттерін кешенді зерттеу нәтижелері ұсынылған. Вирустың 6 апталық СПФ балапандардағы патогендігі және дамып келе жатқан тауық эмбриондарындағы репродуктивтік белсенділігі анықталды. Зерттеу нәтижелері вирустың жоғары вируленттігін, жұқтырылған эмбриондардың 48 сағат ішінде 100% өлімін тудыратынын және интравеноздық патогендік индексінің (ИВПИ = 3,6) максималды деңгеймен сипатталатынын көрсетті. Алынған деректер изоляттың H5N1-дің жоғары патогенді нұсқаларына жататынын растайды.

11-22 130
Аңдатпа

Бұл жұмыста құс тұмауы мен Ньюкасл ауруын диагностикалауға арналған мультиплексті Real-time ПТР тест-жүйесі үшін әзірленген праймерлер мен зондтардың спецификалық қасиеттерін бағалау нәтижелері ұсынылған. Спецификалықты тексеру үшін Ньюкасл ауруы вирусының, А типті құс тұмауы вирусының және тауықтардың инфекциялық бронхит вирусының РНҚ үлгілері пайдаланылды. Оң бақылау ретінде М (Ньюкасл ауруы вирусы) және NP (құс тұмауы вирусы) гендерінің фрагменттері бар плазмидті ДНҚ қолданылды, ал теріс бақылау ретінде деионизацияланған су пайдаланылды. Оптимизацияланған амплификация бағдарламасы кері транскрипция кезеңін, денатурацияны және флуоресценттік сигналдарды тіркеумен 45 циклдік нақты уақыттағы ПТР-ды қамтыды.

Алынған нәтижелер әзірленген праймерлер мен зондтардың мақсатты геномдық фрагменттерді сенімді түрде анықтайтынын және айқаспалы реакциялар мен жалған оң сигналдардың болмауын көрсетті. Қосымша түрде ПЦР-ГРИПП-А-ФАКТОР және ПЦРНЬЮКАСЛ-ФАКТОР коммерциялық жиынтықтарымен салыстыру жүргізіліп, алынған мәліметтердің сенімділігі мен қайталанушылығы расталды.

Осылайша, әзірленген тест-жүйе жоғары спецификалыққа ие және ветеринариялық диагностикада қолдануға ұсынылады.

23-28 140
Аңдатпа

Бұл зерттеуде антигендік компонентсіз вакциналық композицияның құрамдас бөліктерінің интраназальды және сублингвальды енгізілуі кезінде зертханалық ақ тышқандарда жергілікті және жүйелік төзімділігі бағаланды. Зерттеу нысандары ретінде вакциналық композицияның қосалқы компоненттері әртүрлі концентрацияларда маннитол мен желатин, сондай-ақ вакциналық кандидаттарды әзірлеуде технологиялық компоненттер ретінде қолданылатын фосфатты-буферлі ерітінді және инъекциялық су пайдаланылды. Бақылау тобына интактты жануарлар енгізілді.

Төзімділігі 10 тәулік бойы жануарлардың клиникалық жағдайы, дене салмағының динамикасы және қанның негізгі биохимиялық көрсеткіштері бойынша бағаланды. Барлық зерттелген заттар жақсы тзімділік көрсетті: клиникалық мәні бар жергілікті немесе жүйелік жағымсыз реакциялар байқалмады, ал зерттелген биохимиялық көрсеткіштер референттік мәндер шегінде қалды. Параметрлердің жиынтық бағасы бойынша маннитолдың 5 % және желатиннің 0,5 % концентрациялары оңтайлы деп анықталды.Алынған нәтижелер зерттелген қосалқы және технологиялық компоненттердің қауіпсіздігін көрсетеді және оларды тұмау вирусы негізіндегі векторлық бруцеллезге қарсы вакциналар-кандидаттарының вакциналық композицияларын әзірлеудің доклиникалық кезеңінде қолдану мүмкіндігін негіздейді.

29-34 151
Аңдатпа

Жұмыста асептикалық процесс жағдайында аусылға қарсы вакцинаны өнеркәсіптік өндіру кезінде таза үй-жайлардың микробиологиялық жағдайын бағалау нәтижелері ұсынылған. Зерттеулер 2024–2025 жылдар аралығында А және B класты аймақтарда жүргізілді. Ауадан, жабдықтар беттерінен және персоналдың технологиялық киімдерінен алынған 1800-ден астам сынама талданды. Ауада және өндірістік беттерде микробтық контаминация анықталған жоқ. Персоналдың киімі мен қолғаптарынан алынған сынамалардың 1,9%-ында рұқсат етілген нормативтік шектерде жекелеген микроорганизмдер анықталды. Алынған деректер асептикалық жағдайлардың тұрақтылығын және өндірістік ортаның бақыланатындығын көрсетеді.

34-43 109
Аңдатпа

Зерттеуде Заанен тұқымды 2–3 айлық ешкілерге вирулентті pVapA-оң Rhodococcus equi штаммдарын енгізгеннен кейінгі гематологиялық көрсеткіштердің уақыттық динамикасы бағаланды. 0–65 күн аралығында гемоглобин (Hb), эритроциттер (RBC), лейкоциттер (WBC), гематокрит (HCT), MCV, MCH, MCHC және RDW көрсеткіштері бақылау тобымен салыстырылып талданды. Жалпы алғанда, негізгі уақыт нүктелерінде топтар арасында тұрақты статистикалық мәнді айырмашылықтар анықталмады. Hb бойынша тек VapA-108 тобында 65-күні бақылаумен салыстырғанда төмендеу байқалды (p=0,033), алайда әр топтағы жануар санының аз болуы (n=3) бұл нәтижені сақтықпен түсіндіруді талап етеді. 95% сенімділік интервалдарының кеңдігі мен вариация коэффициенттерінің жоғары болуы жеке вариабельділіктің айқын екенін көрсетті. Алынған деректер ешкі моделінде pVapA-оң R. equi штаммдары айқын, тұрақты жүйелік гематологиялық ауытқулардан гөрі әлсіз және ауыспалы жауап туғызғанын көрсетеді.

44-54 149
Аңдатпа

Антибиотиктерге төзімділіктің жаһандық деңгейде артуы, әсіресе ESKAPE тобына жататын патогендердің (Enterococcus faecium, Staphylococcus aureus, Klebsiella pneumoniae, Acinetobacter baumannii, Pseudomonas aeruginosa және Enterobacter cloacae) кең таралуы, баламалы антимикробтық тәсілдерді әзірлеудің өзектілігін арттыруда. Осындай перспективалы бағыттардың бірі бактериялық жасушаларды спецификалық лизиске ұшырататын бактериофагтарды қолдануға негізделген фаготерапия. Осы зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасы, «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-де әзірленген «ESKAPE патогендеріне қарсы бактериофаг» препаратының эксперименттік серияларының сапа көрсеткіштерін бағалау болды. Зерттеу объектісі ретінде препараттың үш эксперименттік сериясы (№0011224, №0021224, №0031224) алынды, олар үшін сыртқы түрі, алынатын көлемі, сутегі иондарының концентрациясы (pH), стерильдігі және ESKAPE тобының тест-дақылдарына қатысты спецификалық белсенділігі СК-ESKAPE-ПР-23 талаптарына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясына және Еуразиялық экономикалық одақтың биологиялық дәрілік препараттарға қойылатын нормативтік талаптарына сәйкес бағаланды. Зерттеу нәтижелері барлық сериялардың белгіленген сапа талаптарына сәйкес келетінін, тұрақты физика-химиялық көрсеткіштерге, расталған стерильдікке және 10⁻⁷–10⁻¹⁰ дейінгі сұйылтуларда сақталатын жоғары спецификалық белсенділікке ие екенін көрсетті. Алынған деректер зерттелген фагопрепараттың сапа талаптарына сәйкестігін, тұрақтылығы мен биологиялық тиімділігін растайды және антибиотиктерге төзімді ESKAPE патогендері тудыратын инфекциялардың алдын алу мен емдеуде қолданудың перспективалы екенін көрсетеді.



ISSN 2707-7241 (Print)
ISSN 2957-5702 (Online)