Preview

Биоқауіпсіздік және Биотехнология

Кеңейтілген іздеу
№ 25 (2026)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

СТАТЬИ

4-14 140
Аңдатпа

Соңғы жылдары микробиологиялық қауымдастықтарды зерттеуге бағытталған ғылыми зерттеулердің қарқынды дамуы жаңа молекулалық әдістердің пайда болуына алып келді. Солардың ішінде жаңа буын секвенирлеу (Next Generation Sequencing, NGS) технологиясы микроорганизмдердің генетикалық материалын жоғары дәлдікпен және қысқа уақыт ішінде зерттеуге мүмкіндік беретін тиімді құралдардың бірі. Бұл технология микробиомды зерттеуде кеңінен қолданылып, микроорганизмдердің таксономиялық құрамын анықтауға, олардың әртүрлілігін бағалауға және функционалдық мүмкіндіктерін талдауға жағдай жасады.

Сүт және сүт өнімдері микроорганизмдердің дамуына қолайлы орта, сондықтан олардың микробиологиялық құрамын зерттеу тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өнім сапасын бақылау үшін маңызды. NGS технологиясының көмегі сүт және одан жасалатын әртүрлі өнімдердегі микроорганизмдердің қауымдастық құрылымын анықтауға, олардың өзара әрекеттесуін талдауға және өнімнің сапасына әсер ететін микробиологиялық факторларды бағалауда мүмкіндігі зор технология.

Бұл мақалада жаңа буын секвенирлеу технологиясының даму тарихы, метагеномикалық талдау әдістері және микробиомды зерттеудің негізгі тәсілдері қарастырылады. Сонымен қатар сүт және сүт өнімдерінің микробиомын зерттеуде NGS технологиясын қолданудың негізгі бағыттары талданады. Әдеби деректерді талдау нәтижелері NGS технологиясының сүт өнімдерінің микробиологиялық құрамын зерттеуде және тағам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды ғылыми құрал екенін көрсетеді. 

15-23 116
Аңдатпа

Қой шешегі ұсақ малдың ең маңызды вирустық ауруларының бірі болып қала береді және қой шаруашылығының тұрақты дамуына айтарлықтай қауіп төндіреді. Бұл ауру малдың қырылуына, өнімділіктің төмендеуіне және жануарларды тасымалдауға шектеулер енгізілуіне байланысты экономикалық шығындарға әкеледі.

Зерттеудің мақсаты – 2021–2024 жылдар аралығында Қазақстан Республикасындағы қой шешегі бойынша эпизоотиялық жағдайды талдау.

Жұмыста ресми ветеринариялық есептілік деректері, індет ошақтарын эпизоотологиялық зерттеу материалдары, серологиялық мониторинг нәтижелері және зертханалық диагностика мәліметтері пайдаланылды. Инфекцияның таралуының кеңістіктік-уақыттық ерекшеліктеріне бағалау жүргізілді. Бұрын ұзақ уақыт бойы ауру тіркелмеген Шығыс Қазақстан облысын қоса алғанда, бірқатар өңірлерде қоздырғыштың қайта айналымға түскені анықталды. Инфекцияның әрі қарай таралу ықтималдығын бағалау үшін қолайсыз факторлардың жүзеге асу ықтималдығын, ықтимал салдардың ауырлығын және эпизоотиялық процесті басқару деңгейін ескеретін интегралды қауіп моделі әзірленді. Сонымен қатар вирус изоляттарының толық геномдық секвенирлеу нәтижелері талданып, олардың генетикалық жақындығы және айналымының трансшекаралық сипаты расталды.

Алынған деректер профилактикалық шараларды күшейту, серологиялық мониторингті кеңейту және ветеринариялық қызмет тәжірибесінде заманауи молекулалық-генетикалық әдістерді қолдану қажеттілігін көрсетеді. Кешенді тәуекелге негізделген тәсіл қой шешегін бақылаудың тиімділігін арттырып, жаңа эпизоотиялық ошақтардың пайда болу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.

24-31 105
Аңдатпа

Бұл жұмыста Қазақстанның оңтүстік аймағында жасалды түрде қалыптастырылған инфекциялық аяда күздік жұмсақ бидай үлгілерінің тат түрлеріне төзімділігін кешенді бағалау нәтижелері келтірілген. Зерттеулер 2021 жылы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының базасында жүргізілді. Зерттеу нысандары ретінде Орталық Азия және Кавказ сорттары, сондай-ақ 27FAWWON-SA және 27FAWWON-IR халықаралық питомниктерінің коллекциялық үлгілері алынды.

Төзімділікті бағалау бірқатар фитопатологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізілді, оның ішінде зақымдану дәрежесі, реакция типі, ауру даму қисығы астындағы аудан және инфекция коэффициенті. Зерттеу барысында жасады инфекциялық аяда сабақ, жапырақ және сары татқа төзімділік деңгейі бойынша үлгілердің елеулі саралануы байқалатыны анықталды. Әсерлі үлгілердің максималды зақымдану дәрежесі 60-80% жетті, ал төзімді формаларда бұл көрсеткіш 1020% аспады. Вегетациялық кезеңнің ауа-райы жағдайлары сары таттың дамуына әсер етті, оның зақымдану дәрежесі көп жағдайда төмен деңгейде қалды. Нәтижелер шетелдік үлгілердің Орталық Азия сорттарымен салыстырғанда төзімділік деңгейі жоғары екенін көрсетті. Атап айтқанда, 27FAWWON-IR питомнигінде сабақ татына төзімді формалардың үлесі 72,1%-ды құрады. Жалпы, таттың үш түріне кешенді төзімділігі бар 125 үлгі анықталды. Жасады инфекциялық аяны пайдалану генотиптерді объективті бағалауды қамтамасыз ететін фитопатологиялық скринингтің тиімді және сенімді әдісі болып табылатыны анықталды. Бөлінген үлгілер селекциялық практика үшін айтарлықтай қызығушылық тудырады және Қазақстан жағдайына бейімделген, жоғары өнімді күздік бидайдың жаңа сорттарын жасау кезінде төзімділік донорлары ретінде пайдаланылуы мүмкін.

32-41 113
Аңдатпа

Сиыр шешегі вирусы Orthopoxvirus туысына жатады және ортопоксвирустық инфекцияларды зерттеуде модельдік объект ретінде кеңінен қолданылады. Әртүрлі жануар түрлерінің осы вирусқа сезімталдығы туралы мәліметтер болғанымен, олардың сезімталдығын стандартталған эксперименттік жағдайларда бағалау жеткілікті деңгейде зерттелмеген.

Осы зерттеудің мақсаты – зертханалық жануарлардың сиыр шешегі вирусына сезімталдығын бағалау және оңтайлы эксперименттік модельді таңдау болып табылады.

Жұмыста сиыр шешегі вирусының «COWPOX-CAM» штаммы қолданылды. Эксперименттік модель ретінде ақ тышқандар, теңіз шошқалары және қояндар пайдаланылып, олар тері ішіне енгізу арқылы жұқтырылды. Жануарларға клиникалық бақылау жүргізіліп, инфекциялық процестің өтуі және патологиялық өзгерістердің дамуы бағаланды.

Теңіз шошқаларында инфекция жеңіл түрде өтіп, өлім жағдайлары тіркелмеді. Ақ тышқандарда инфекцияның клиникалық белгілері әлсіз дәрежеде байқалып, өзіне тән терілік зақымданулар байқалмады. Қояндарда инфекцияның жергілікті және жүйелік көріністерімен сипатталатын айқын клиникалық көрініс дамыды. 

Алынған нәтижелер қояндардың сиыр шешегі вирусына ең жоғары сезімталдыққа ие екенін көрсетті және оларды инфекция патогенезін зерттеу, сондай-ақ вакциналар мен емдік препараттардың тиімділігін бағалау үшін оңтайлы эксперименттік модель ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

42-51 108
Аңдатпа

Мақалада 2023 жылы Жамбыл облысының аумағында жүргізілген Куқызбасының эпизоотологиялық мониторингінің нәтижелері ұсынылды. Зерттеу нысандары ретінде Жамбыл облысының 10 ауданындағы ұсақ және ірі қара мал алынды. ИФТ, КҰБР және нақты уақыт режиміндегі ПТР әдістерін қолдану арқылы 2850 тұтас қан сынамасы, 2975 қан сарысуы сынамасы және 131 кене үлгісі талданды. Ку-қызбасы қоздырғышына қарсы антиденелердің жоғары серопреваленттілігі негізінен ұсақ мал арасында анықталды. Coxiella burnetii қоздырғышының ДНҚ-сы көбіне көктем мезгілінде анықталды. Алынған нәтижелер өңірде аталған инфекцияның эндемиялық сипатқа ие екенін көрсетеді және профилактикалық әрі ветеринариялықсанитариялық іс-шараларды жетілдіру қажеттігін айқындайды. 

52-62 117
Аңдатпа

Агарға диффузиялаудың микробиологиялық әдісімен тилозин тартратының инъекциялық түрі (Тилозин 50, зерттелетін препарат) және тилозин негізінің инъекциялық түрі (Тиланик 5%, тестіленетін препарат) бұлшықет ішіне бір рет енгізілгеннен кейін 6 ірі қара малдың қан сарысуындағы тилозин антибиотигі мөлшерінің тәуліктік динамикасы бағаланды. Сонымен қатар, Тилозин 50 препараты Тиланик 5%-дан айырмашылығы құрамында қосымша аскорбин қышқылын, натрий метабисульфитін және трилон Б қамтыды. Зерттеулердің дәйекті дизайны қолданылды.

Фармакокинетикалық параметрлер мәндерін есептеу Тилозин 50 препаратының Тиланик 5%ға қарағанда жүйелік қан ағымына белсендірек енгенін көрсетті. Сонымен қатар, таралу көлемдері, элиминация константалары және клиренс мәндері арасындағы айырмашылықтар статистикалық тұрғыдан мәнді болған жоқ. Яғни, препараттағы антибиотик формасы, қосымша заттардың құрамы және инъекциялық ерітіндінің қышқылдығы белсенді заттың сіңу жылдамдығына әсер еткенмен, препараттың бұзаулар организмінде таралуы мен шығарылуына ықпал етпеген.

Сmах және AUCt арақатынасы үшін 90 % ықтималдықтағы екіжақты сенімді интервал 80,00– 125,00 % аралығында, ал Сmах / AUCt және Сmах / AUC∞ арақатынасы үшін 75–133 % аралығында болды, бұл биоэквиваленттілікке қойылатын қабылданған критерийлерге сәйкес келеді. 



ISSN 2707-7241 (Print)
ISSN 2957-5702 (Online)