Preview

Биоқауіпсіздік және Биотехнология

Кеңейтілген іздеу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕҢГЕЙІНДЕ ІРІ ҚАРАНЫҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ РИНОТРАХЕИТ ІНДЕТІНЕ ЭПИЗООТОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

Аңдатпа

жүргізілген эпизоотологиялық мониторинг нәтижелері және осы індетті алдын алу шаралары туралы жазылған. Зерттеу нәтижесінде ІҚМ ИРТ ауруы Еуропаның кейбір мемлекеттерін есептемегенде Норвегия, Швеция, Финляндия, Литва, Молдавия, Болгария, Греция, Словакия, Италия, Румыния және Чех Республикаларында бүкіл әлемге таралған. Африка контитентінің тропикалық мемлекеттерінде, Азияның таяу Шығысы, оңтүстігінде және оңтүстік-шығыс аймақтарында, сонымен қатар Оңтүстік Американың кейбір бөліктерінде тұрақты індет болып табылады. ІҚМ ИРТ ауруының алдын алу мақсатында әлемде тірі және инактивтелген моно- және қауымдастырылған вакциналар кеңінен қолданылады, сондай-ақ, ауырған малдарды вакцинация жүргізілген малдардан ажыратуға мүмкіндік беретін таңбаланған вакциналарда Еуропа мемлекеттерінде пайдалынады. Ресей мемлекетінде ІҚМ ИРТ ауруының алдын алу үшін «ТК-А» (ВИЭВ) тірі вакцинасын, ИРТ, парагрипп-3, ІҚМ вирустық диареясының алдын алу үшін қауымдастырылған «ТРИВАК» (ВИЭВ) вакцинасын, ИРТ, парагрипп-3 қарсы қауымдастырылған (ВНИИЗЖ) вакцина, ІҚМ ИРТ, вирустық диарея, бұзаудың респираторлық-синцитиалдық, рота-және коронавирустық аурулары инактивтелінген құрама «КОМБОВАК» (ЗАО НПО «Нарвак») вакцинасын, оның модификациялары және басқада вакциналар қолданылады. Қазақстан Республикасында қазіргі таңда ІҚМ ИРТ ауруы Ақмола, Алматы, Атырау, Ақтөбе, ШҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, СҚО, БҚО, Қызылорда облысында ІҚМ табындарында кездеседі. Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта ІҚМ ИРТ ауруының алдын алу үшін ІҚМ ИРТ, вирустық диарея және парагрипп – 3 қоздырғыштарына қарсы пайдаланылатын Ставропольск биофабрика шығарған ТРИВАК вакцинасы және де Бовилис – IBR (Голландия), Кэтлмастер Голд FP5 С5 (АҚШ) вакциналары пайдаланылады.

Авторлар туралы

Жумагали Каукарбаевич Кошеметов
НИИ проблем биологической безопасности
Қазақстан


Мадина Сагадатовна Сейсенбаева
НИИ проблем биологической безопасности
Қазақстан


Нургуль Калдыбайкызы Оразымбетова
НИИ проблем биологической безопасности
Қазақстан


Бакыт Кудайбергенович Умуралиев
НИИ проблем биологической безопасности
Қазақстан


Акежан Айдарулы Исахан
НИИ проблем биологической безопасности
Қазақстан


Aйгерим Сериккызы Жақыпбек
НИИ проблем биологической безопасности
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Конопаткин А.А., Бакулов И.А., Нуйкин Я.В. и др. Эпизоотология и инфекционные болезни: учебник. М.: Колос, 1975. - 300 c.

2. Бакулов И.А., Ведерников В.А., Семенихин А.Л. Эпизоотология с микробиологией: учебник и практикум. М.: Колос, 2000. - 170 c.

3. Ackermann M., Engels M. Pro and contra IBR-eradication. Vet. Microbiol 2006; 113: 293 – 302.

4. Biswas S., Bandyopadhyay S., Dimri U.H., Patra P. Bovine herpesvirus-1 (BHV-1) - a re-emerging concern in livestock: a revisit to its biology, epidemiology, diagnosis, and prophylaxis. Vet Quarterly. 2013; 33: 68 – 81.

5. Chase C.C., Fulton R.W., O'Toole D. et al. Bovine herpesvirus 1 modified live virus vaccines for cattle reproduction: Balancing protection with undesired effects. Vet. Microbiol. 2017; 23. pii: S0378-1135(17)30325-5.

6. Будулов Н.Р. Инфекционный ринотрахеит крупного рогатого скота в Республике Дагестан: особенности распространения, клинические проявления и организация ветеринарно-профилактических мероприятий. Сибирский вестник сельскохозяйст


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Кошеметов Ж.К., Сейсенбаева М.С., Оразымбетова Н.К., Умуралиев Б.К., Исахан А.А., Жақыпбек A.С. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕҢГЕЙІНДЕ ІРІ ҚАРАНЫҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ РИНОТРАХЕИТ ІНДЕТІНЕ ЭПИЗООТОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ. Биоқауіпсіздік және Биотехнология. 2024;(19).

Қараулар: 2

JATS XML


ISSN 2707-7241 (Print)
ISSN 2957-5702 (Online)