Құрылтайшысы: ҚР ДСМ "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" РМК.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде мерзімді баспасөз басылымын есепке қою туралы 20.11.2019 Ж. берілген № KZ33V00017380 куәлік
Үш тілде (қазақ, ағылшын, орыс) ақпараттық хаттар әзірленіп, мезгіл-мезгіл еліміздің, жақын және алыс шетелдердің ҒЗҰ мен ЖОО-на жіберіледі.
Ветеринария, медицина, биоқауіпсіздік, биотехнология және өсімдік шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері журналдың тақырыптық бағыты болып табылады.
Берілген ғылыми журналдың электронды сайты жасалды www:biosafety.kz.
2020 жылы баспаханадан журналдың 1-ші, 2-ші, 3-ші және 4-ші нөмірлері шығарылды. Журналдың 1-ші нөміріне 20 мақала, оның ішінде 6 мақала сырттан, қалғаны институт ғалымдарының еңбектері, 2-ші нөмірге-13 мақала, оның ішінде 4 мақала сырттан және 3-4 біріктірілген нөмірге-барлығы 14 мақала, оның ішінде 3 мақала сырттан жиналды.
2021 жылы баспаханадан журналдың 5-ші, 6-шы, 7-ші және 8-ші нөмірлері шығарылды. Журналдың 5-ші нөміріне 8 мақала, біздің институт ғалымдарының еңбектері, 6-шы нөмірге-9 мақала, оның ішінде 3 мақала сырттан, қалған біздің институт ғалымдарының еңбектері жиналды. Журналдың 7 нөміріне 8 мақала, 8 нөміріне 8 мақала біздің институт ғалымдарының барлық мақалалары жиналды.