Preview

Биоқауіпсіздік және Биотехнология

Кеңейтілген іздеу
№ 9 (2022)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРҒАУ

6-18 382
Аннотация

ветеринария мен ауыл шаруашылығының маңызды мәселелерінің бірі – мал санын сақтау және көбейту болып табылады. Кеңестік Одақ кезінде түйе шаруашылығы Қазақстанның батыс өңірлерінде ғана дамыса, тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде қарқынды даму үстінде. Бірақ соңғы жылдары түйе шешегінің тіркелуі ветеринарияда жаңа проблемаға айналып, түйе шаруашылығының дамуына біраз кедергілер туындатып отыр. Оған дәлел 2019 жылы Маңғыстау өңірінде түйе шешегінің тұтануы мал өнімділігінің төмендеуіне және мал басының азаюына әкелді.

Түйелер үшін аса қауіпті саналатын бұл жұқпалы ауру туралы кеңінен білу мақсатында отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерін іздестіру жұмыстары жүргізілді. Іздеу жұмыстары интернет ресурстарынан ағылшын және орыс тілдеріндегі кілт сөздерді қолдану арқылы орындалды. Іздеу нәтижесінде 48 ғылыми еңбекке талдау жасалса, оның ішінде ағылшын тілінде жарық көрген шетелдік мақалалар саны 44, орыс тіліндегі еңбектер саны 2, отандық ғалымдардың 2 ғылыми зерттеу жұмыстары қарастырылды. Осы ғылыми шолу мақаласында түйе шешегі туралы жалпы сипаттама, таралуы, эпизоотологиясы, балау және алдын-алу жайлы ғылыми әдебиеттерге шолу жасалды. Мақалада осы көрсетілген бөлімдер бойынша барлық мағлұматтар жинақталып, әрі ықшамдалып мемлекеттік тілде реферат түрінде берілді.

19-23 238
Аннотация

жылқы киеңкісін балау үшін комплемент байланыстыру реакциясы (КБР), жылқы комплементін байланыстыру реакциясы (ЖКБР) сияқты серологиялық тесттер қолданылады. Жақын арада біз ЖКБР-дің ұзақ нұсқасы жылқы комплементін ұзақ байланыстыру реакциясы (ЖКҰБР) жасадық. Осы тесттердің сезімталдығына тікелей әсер ететін негізгі компонент – ол трипаносомдық антиген. Реакцияның дұрыс қойылуы және жүруі антигеннің жұмыс титрін дұрыс анықтауға байланысты. Біздің зерттеулеріміздің мақсаты КБР, ЖКБР және ЖКҰБР-да трипаносомдық антигеннің жұмыс титрін анықтау болды. Әрбір серологиялық реакция үшін антигеннің жұмыс титрі анықталғаннан кейін тұрақты болып қалады. Бұл көрсеткішті антиген мен позитивті қан сарысуын шахмат әдісімен титрлеу арқылы анықтадық. Біз антигеннің жұмыс титрін антигендік бірлікпен (АБ) анықтадық. Сонда, трипаносомды антигеннің жұмыс титрі ретінде 1,5 АБ алдық. Ол КБР-да 1:20, ЖКБР-да 1:100 және ЖКҰБР-да 1:150 болды. Антигеннің дәл осындай ерітінділерін осы аталған реакцияларды қойған кезде қолданатын боламыз

24-33 173
Аннотация

Қазақстан Республикасының (ҚР) аумағында кең таралған экономикалық және әлеуметтік маңызды аурулардың бірі жануарлардың жалпы жұқпалы патологиясында басым орын алатын бруцеллез екені белгілі. Бруцеллез – адам үшін аса қауіпті зоонозды жұқпалы аурулардың бірі болып табылады. Қазақстан Республикасында бруцеллез қоздырушысын анықтауда бірнеше жылдар бойы ПТР және бактериологиялық әдісті қолдана отырып жүргізілген салыстырмалы зерттеулердің нәтижесінде бруцеллезге алғашқы балау арқылы мал табындарының эпизоотологиялық жағдайын анықтау үшін жоғарыда аталған әдістер өздерінің беретің ақпаратының төмен болуына байланысты қолдану тиімсіз. ПТР патологиялық материалдан бөлініп алынған бруцеллалардың түрін ажырату және генотиптендіру үшін қолдану ұсынылады.

         Қазақстанның және шекаралас елдердің (Ресей мен Қырғызстан) бруцеллезден сау емес  шаруашылықтарынын алынған биоматериалды диагностикалық зерттеулердің нәтижесінде авторлар бруцеллез өсінділерін бөліп алып, олардың биологиялық және молекулалық-генетикалық қасиеттерін анықтады. Бөліп алынған бруцелла өсінінің түрін анықтау және генотиптендіру үшін зерттеушілер  олардың генотиптік сипаттамаларын дәл анықтауға мүмкіндік беретін тиімді әдіс ретінде MLVA қолдануды ұсынады.

34-43 1011
Аннотация

жұмыста Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне (ҚР АШМ ВБҚК) қарасты ветеринариялық ұлттық референттік орталығы (ВҰРО ) және Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты (БҚПҒЗИ) жағдайында, Ла-Сота штамынан Ньюкасл ауруына қарсы жасалған вакцинаның тәжірибелік сериясының физикалық, биологиялық қасиеттерін апробациялық сынаудан өткізу нәтижелері көрсетілген. Зерттеу мақсаты - Ла-Сота штамынан Ньюкасл ауруына қарсы жасалған вакцинаны апробациялық сынақтан өткізу. Зерттеу барысында вирусологиялық, иммунологиялық зерттеу тәсілдері қолданылды. Апробациялық зерттеу нәтижелері: вакцинаның құрамы таза, оның биологиялық белсенділігі 9,03 ± 0,14 lg ЭИД50/см3 құрайды. Вакцина 40 тәуліктік балапандар үшін зиянсыз. Вакцина балапандар үшін иммуногенді. Егілгеннен кейін 16 тәулік өткесін Ньюкасл аурына қарсы антиденелердің орташа титры гемагглютинациияны тежеу реакциясында (ГАТР) 1:127,2 құрады. Вакцина өзінің физикалық-биологиялық қасиеттері бойынша барлық қойылатын талаптарға сәйкес келеді және Ньюкасл ауруының өзіндік алдын алуға жарамды. Вакцинаның физикалық және биологиялық қасиеттеріне апробациялық сынақ жүргізу тек оң нәтижелермен аяқталды және зерттеу хаттамалары, актілері ҚР АШМ ВБжҚ Комитеті Комиссиясы мүшелерімен қабылданды. Вакцинаны ірі құс шаруашылықтарында және жеке шаруа қожалықтарында Ньюкасл ауруының арнайы алдын алуда жаппай қолдануға болады.

44-52 960
Аннотация

вакцина өндірісі жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу және бақылаудың ең тиімді әдісі болып саналады. Қәзіргі таңда вакцина өндірісінде Vero шексіз жасуша линиясы кеңінен қолданылады.

Бұл зерттеудің мақсаты кең ауқымды вакциналарды өндіру үшін жасуша фабрикаларында Vero жасуша өсіндісін өсірудің оңтайлы параметрлерін зерттеу болды. Масштабтау процесі үшін жасушалардың егу концентрациясы анықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша 2,0х105 жасуша/мл егу концентрациясында моноқабат 1-2 күнде түзілетінін және көптеген вирустарды өсіру үшін ең оңтайлы екенін көрсетті. Өнеркәсіптік масштабтарда көп қатарлы жүйеде жасушаны өсіру өндірістегі бір жолғы шешім болып табылады. Жасуша фабрикасы ыңғайлы және үнемді пішімі уақытты және жұмыс күшін үнемдейді және ластану қаупін азайтады.

Бұл жұмыстың барысында жасуша фабрикасында Vero жасушасын көбейту жұмысы жүргізілді, өйткені жасуша өсірудің бұл әдісі үлкен көлемде және  экономикалық тиімді жұмыс болып табылады. Зерттеу барысында егу концентрациясы, жасуша пролиферациясының индексі және жасушаны түсіруге арналған дисперстік қоспаның қатынасы күнделікті қолданылатын Т-құтылармен салыстырылатыны көрсетілді

53-58 165
Аннотация

үй иттері мен мысықтары токсокара құрты сияқты гельминттік зоонозды қоздырғыштарды тасымалдаушылардың немесе аралық иелерінің қатысуынсыз тікелей үй жануарларынан адам ортасына тікелей таралатын маңызды рөл атқарады. Токсокароз – ит пен мысықтың, тиісінше, Toxocara canis және Toxocara cati дөңгелек құрттары тудыратын паразиттік ауру. Тәжікстан тұрғындары арасында токсокароздың таралуы әліде белгісіз болып тұр. Тәжікстан Республикасында 2017 жылдан 2021 жылға дейін токсокароздың негізгі иелері – иттер мен мысықтардың саны сәйкесінше шамамен 7058 және 1262-ні құрайды және өсу үрдісі байқалады. Еркін жүрген иттер мен мысықтардың жоғары тығыздығы осы және басқа паразиттердің тұрақты инфекциялық санын ақтайды. Ветеринарларды үздіксіз оқыту және үй жануарларының иелерін бірыңғай кеңестер беру арқылы ақпараттандыру басты міндет болып табылады. «Бір денсаулық» тұжырымдамасы аясында ветеринарлар мен қоғамдық денсаулық сақтау мамандары арасындағы тығыз ынтымақтастық қажет.

59-67 154
Аннотация

белгісіз індеттен ауырған және өлген қояндардың патологиялық анатомиялық жарып-союдың барысында қояндардың ауруының және өлімінің себебін анықтау мақсатында биоматериалдар алынды. Биоматериалдар пастереллез, клостридиоз, қояндардың вирустық геморрагиялық ауруларының қоздырғыштарының бар-жоғына зерттелді.

Тәжірибеде полимеразды тізбекті реакция және комплементті байланыстыру реакциясы қолданылды, нәтижесінде қояндардың ауруы мен өлуінің себебі қояндардың вирустық геморрагиялық індеті екені тәжірибе жүзінде анықталды.



ISSN 2707-7241 (Print)
ISSN 2957-5702 (Online)