Preview

Биоқауіпсіздік және Биотехнология

Кеңейтілген іздеу
№ 20 (2024)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРҒАУ

СТАТЬИ

8-13 1915
Аннотация

Қырғызстанның АӨК дамуы мен барлық міндеттерін жүзеге асыру үшін кәсіби білімнің сапасын арттыру, халықаралық стандарттарға сәйкес және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау қажет, сондықтан студенттер мен аспиранттарды ғылыми жұмысқа тарту маңызды. Ғылыми қызмет пен осы саладағы жетістіктер бакалавр немесе магистрді даярлау сапасын анықтайды, жарқын әрі талантты студенттер мен жас ғалымдарды анықтауға мүмкіндік береді. Ешқандай инновациялық педагогикалық технология білім, ғылым, бизнес және өндіріс арасындағы байланыстың болмауымен жеткілікті тиімді болмайды. Осы тізбек үзілмей жалғасуы керек.

14-28 775
Аннотация

Pasteurella multocida - әртүрлі жануарлар түрлерінде, соның ішінде ірі қара, шошқа және құстарда құс тырысқағы, атрофиялық ринит және пастереллез сияқты көптеген жұқпалы аурулардың қоздырғышы болып табылатын грамтеріс бактерия. Оның вируленттілігінің негізгі факторларының бірі-гиалурон қышқылынан тұратын капсула, ол бактерияға фагоцитоздан және иесінің иммундық реакциясынан аулақ болуға көмектеседі. Бұл жұмыста P.multocida А серогруппасы штаммдарындағы гиалуронатсинтазаны (PmHAS) кодтайтын hyaD генінің нуклеотидттер және аминқышқылдардар тізбегіне кешенді талдау жүргізіліп, ерекше назар бір нуклеотидті алмастыруларға аударылды. Олар болғанына қарамастан ферменттің каталитикалық домендерін өзгертпейді, бұл оның тұрақты ферментативті белсенділігін қамтамасыз етеді. hyaD генінің негізгі аймақтарының консервативтілігі стандартты генотиптеу әдістері арқылы А серогруппасының диагностикасына қиындықтар туғызады. Зерттеу шеңберінде геннің өзгермелі учаскелері негізінде А серогруппасын анықтау үшін арнайы TaqMan зондтарын әзірлеу стратегиясы ұсынылды. Бұл молекулалық сынақтар диагностиканың дәлдігін айтарлықтай жақсартады және Pasteurella multocida инфекцияларын уақтылы бақылауға ықпал етеді. Нәтижелер бір нуклеотидті алмастыруларды әрі қарай зерттеудің маңыздылығын және бактерияның вируленттілігіне әсерін көрсетеді.

29-38 445
Аннотация

Әлемдік денсаулық сақтау үшін ең үлкен қауіптер тізімінде МЛУ штаммдары тудыратын бактериялық инфекциялар. Ең көп төзімділік жағдайлары ESKAPE деп аталатын қоздырғыштардың арасында анықталады (бастапқы әріптерден Enterococcus faecium, Staphylococcus aureus, Klebsiella pneumoniae, Acinetobacter baumannii, Pseudomonas aeruginosa және Enterobacter spp.). Бұл топтағы бактериялар өмірге қауіп төндіретін ауруханаішілік инфекцияларды тудырады, әсіресе иммунитеті төмен және созылмалы аурулары бар адамдарда. Мақалада фаг терапиясының негіздемелері, клиникалық проблемалар қарастырылып, фаготерапия ESKAPE патогендеріне қарсы тиімді құрал ретінде ұсынылған, олардың кейбір биологиялық қасиеттері сипатталған (жоғары температураның әсері, хлороформның әсеріне төзімділік және рН мәндерінің өзгеруінің бактериофагтардың белсенділігіне әсерін зерттеу). Физикалық фактор ретінде жоғары температураның әсері, ал химиялық ретінде хлороформның әсері зерттелді. Фагтардың температураға төзімділігін зерттеу нәтижесінде 60 °C температурада 30 минут қыздыру олардың белсенділігіне әсер етпейтінін, рН мәні 7.0-ден 7.5-ке дейін белсенді болатынын, 40 минут ішінде хлороформға төзімді екенін анықтадық. Буферлік ерітіндінің сілтілі ортасында зерттелетін бактерияфактардың белсенділігі шамалы төмендеуін атап өткен жөн. Ал қышқыл ортада бактерияфактардың инфекциялық қабілетінің төмендеуіне көбірек әсер ететіні көрсетілді.

39-44 2129
Аннотация

Мақалада жануарлардың аса қауіпті және экзотикалық ауруларының қоздырғыштарымен, сонымен қатар антропозооноздармен жұмыс істеу кезінде биологиялық қауіпсіздікті (БҚ) және биоқорғанысты (БҚ) қамтамасыз етудегі Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының (БҚПҒЗИ) тәжірибесін айқындайтын материалдар ұсынылған. Объектіні қауіпсіз пайдаланудың барлық аспектілері – инженерлік-техникалық және технологиялық қамтамасыз ету, персоналды оқытуға және аса қауіпті аурулардың қоздырғыштарымен жұмыс істеуге қойылатын талаптар, спецификалық алдын алу және нормативтік-құқықтық база салыстырмалы тұрғыдан талданды. БҚПҒЗИ биологиялық қауіпсіздік және биоқорғаныста заманауи талаптарға сәйкес келетіні атап өтілді, бұл осы тұрғыда объектінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

45-56 1817
Аннотация

Бұл мақалада антимикоплазмалық препараттардың тиімділігін бағалау бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Микоплазмаларды анықтау үшін жасуша өсінділерін ДНҚ флюорохроммен (DAPI, Apollo Scientific) бояу әдістері, PlasmoTest™ (Invivogen, France), MycoStrip (Invivogen, France) және тәжірибеде кеңінен ұсынылған EZ-PCR™ (Biological Industries, Israel) әдістерін қолданылды. Нәтижелерге сүйене отырып, микоплазмаға қарсы препараттар MycoZap (Lonza Bioscience), Plasmocin (Invivogen, France), MRA (BIO-RAD) и ВМ-Cyclin (Roche) микоплазмалық ластанумен күресуде тиімді екендігі анықталды. ДНҚ флюорохромдарымен анықтау әдісі микоплазманың болуын анықтауы субъективті болуы мүмкін, өйткені оның микоплазмаға сезімталдығы төмен. Өз кезегінде, MycoStrip жиынтығы осы жиынтықтың анықталатын түрлерінің тізіміне кірмейтін микоплазмалардың болуына байланысты жалған теріс нәтиже бере алады. PlasmoTest™ оң және теріс нәтижелері EZ-PCR™ нәтижелерімен дәл сәйкес келді. Егер микоплазмалық ластануға күдік болса, алдын-ала талдау үшін ДНҚ-ны бояу әдісі мен MycoStrip жиынтығын, ал PlasmoTest™ және EZ-PCR түпкілікті растау үшін қолдануға болады.

57-66 1890
Аннотация

Бұл мақалада кәдімгі бақ хризантемасы (Chrysanthemum morifolium Bol. ) өсімдік шикізатынан экстракт алу әдісі және құрамын зерттеу тәсілдері қарастырылған. Кәдімгі бақ хризантемасы (Chrysanthemum morifolium Bol.) өсімдік шикізатынан алынған сұйық экстракт перколяция әдісін қолдана отырып алынды. Бұл тәсілдің жүру процесі 3 кезеңнен тұрады. Кәдімгі бақ хризантемасы (Chrysanthemum morifolium Bol.) өсімдік шикізатының перколяция әдісі арқылы сұйық экстракт алудың технологиялық сызбасы ұсынылды. Осы әдіс бойынша алынған экстракттың құрамындағы биологиялық белсенді заттар анықталды. Сұйық экстракттың құрамын анықтау масс-спектрометриялық детекторы бар газ хроматографиясы әдісімен (7890A/5975C) жүргізілді. Әдеби деректерге сүйене отырып, бөлінетін компоненттер қабынуға қарсы әсер көрсететіні анықталды. Кәдімгі бақ хризантемасы (Chrysanthemum morifolium Bol.) өсімдік шикізатынан перколяция әдісімен алынған сұйық экстракттың құрамы масс-спектрометриялық детекторы бар газ хроматографиясы әдісі арқылы зерттелу нәтижесінде 29 органикалық қолылыс бөлінді. Бөлінген белсенді заттар ішінен пайыздық мөлшері ең жоғары қосылыстар: Pulegone ,l-Menthone ,Eucalyptol.



ISSN 2707-7241 (Print)
ISSN 2957-5702 (Online)