Preview

Биоқауіпсіздік және Биотехнология

Кеңейтілген іздеу
№ 17 (2024)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

СТАТЬИ

6-22 494
Аннотация

Шолу мақалада Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының этиологиясы, эпидемиологиясы, таралуы, нақты аурудың диагностикасы және алдын алу мәселелері қарастырылды. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) Африкада, Азияда және Шығыс Еуропада таралған, өлімге әкелетін геморрагиялық қызбалардың бірі болып табылады. Бұл Bunyaviridae тұқымдасының Nairovirus тектес КҚГҚ вирусынан туындаған кене арқылы таралатын зоонозды вирустық ауру. Қазақстанда КҚГҚ табиғи ошақтары Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының және Шымкент қаласының аумақтарында орналасқан. Қазақстанда 2021-2023 жж. адамдарда КҚГҚ 108 расталған жағдайы тіркелген. Вирустық геном сәйкесінше нуклеокапсид (N) ақуыздарын, конверттік гликопротеиндерді (G1 және G2) және полимеразды кешенді ақуыздарды кодтайтын шағын (S), орташа (M) және үлкен (L) сегменттерден тұрады. Адамдардың ауруларының көпшілігі мал бағу, шөп дайындау және мал сою сияқты ауыл шаруашылығы өндірісімен байланысты болды. Көбінесе адам кене шағуы арқылы жұқтырады. Клиникалық белгілер әдетте аурудың жылдам дамуын көрсетеді. Ол қан кетумен, бұлшықет ауырсынуымен және безгегімен бірге жүреді. Бүгінгі күні арнайы емдеу жоқ, ең маңызды әдіс профилактикалық қауіпсіздік шаралары болып табылады. КҚГҚ диагностикасы үшін ИФА, КT-ПТР және нақты уақыттағы КT-ПТР әдістері қолданылады.

23-33 350
Аннотация

Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның мәліметі бойынша, Қазақстан аумағы соңғы уақытқа дейін вакцинациялаумен жануарлардың аусылынан бос аймақ болып саналды, бірақ трансшекаралық елдерден біздің республикаға ауру вирусының ену қаупі бар. Сондықтан біздің мемлекетіміздің ветеринариялық қызметі мен ғылыми қоғамдастығына елдің барлық аумағында жануарлардың иммундық мәртебесін серомониторингпен және скринингпен тұрақты бақылау жүргізу қажет
Қолайсыз елдерден вирустың енуі елде инфекцияның көптеген ошақтарының пайда болуына және оларды жоюға орасан зор шығындарға әкеп соқтырған кезде аусыл ауруының өршуі Қазақстан Республикасының мал шаруашылығына және экономикасына елеулі залал келтіретіні белгілі.
Дүниежүзілік жануарлар саулығын сақтау ұйымы ресми түрде мойындаған вакцинациясыз аусылдан азат аймақтың құрамына кіретін Қазақстанның өңірлеріне аусылдың әкелінуі бүкіл аймақтың мәртебесін тоқтата тұруға әкеп соқтырды, бұл өз кезегінде мал шаруашылығы өнімдері мен астық экспортына да, ел ішіндегі саудаға да шектеулерге алып келді.
Біздің зерттеуіміздің мақсаты – Қазақстандағы аусылдың 2021-2023 жылдардағы серопреваленттілігін анықтау болып табылады.
Біздің еліміздің аумағына аусыл вирусының жаңа генотиптерін енгізу қаупі әлі де жоғары екендігі анықталды.

34-45 330
Аннотация

Бұл шолуда ХЭБ, ФАО және ветеринариялық қызметтердің әлемдегі қазіргі эпизоотиялық жағдайы туралы ақпарат берілді. Әдебиеттерге шолу көрсеткендей, ұсақ күйіс қайыратын малдар обасы бүкіл әлем бойынша, әсіресе Африкадағы, Таяу Шығыстағы және Азиядағы дамушы елдердегі ұсақ мал өндірушілер үшін негізгі мәселе болып табылады. Алғашқы ауру ошақтарында өлім-жітім деңгейі 100%, қайталама ошақтарда 50% дейін жететін жоғары өлім деңгейімен сипатталады. Жүргізілген талдау барысында көрші елдерде тіркелген және жануарлардың миграциясы мен шаруашылық-экономикалық байланыстармен байланысты аурулар ең үлкен қауіп төндіретінін көрсетеді. Сондайақ ЧМЖ індеттері тіркелген шекаралас аймақтарды вакцинамен қамтуды кеңейту маңызды. Бұл аймақтардағы барлық мал басын иммундау арқылы инфекция қаупін айтарлықтай төмендетеді және эпизоотиядан сақтайды

46-56 365
Аннотация

Мақалада Қарағанды және Ұлытау облыстарындағы 2021-2024 жылдардағы туберкулез бойынша эпизоотиялық ахуалға қатысты өз зерттеулерінің деректері келтірілген. 2024 жылы Қарағанды облысында ІҚМ туберкулезі бойынша екі ошақ анықталды, олардың бірі Нұра ауданында - Ахметауылы ауылдық округі, "Кугабаев Н." ШҚ, екіншісі Бұқар Жырау ауданында-Көкпекті ауылдық округі, "Жанат"ЖШС. Сондай-ақ Ұлытау облысында ІҚМ туберкулезі бойынша екі ошақ анықталды, олардың бірі Жан - арқа ауданында - М.Жұмажанов ауылдық округі, "Диас" ШҚ және Қаражал қаласында - "Пешковец"ШҚ. Өлген жануарлардың ұшалары мен ішкі мүшелерін ветеринариялық-санитариялық тексеру негізінде туберкулез диагнозы расталды. Ветеринарлық мамандардың жануарларға аллергиялық зерттеулер жүргізуі, сондай-ақ туберкулинге тән емес реакциялардың дифференциалды диагностикасы туберкулез бойынша эпизоотиялық жағдайды дәл анықтауға мүмкіндік береді. Туберкулезді диагностикалау және алдын алу жөніндегі нұсқаулықтарды қатаң сақтау, әзірленген ветеринариялық-санитариялық және ұйымдастырушылық-шаруашылық іс-шараларды орындаумен қатар, туберкулез бойынша эпизоотиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді. Сайып келгенде, бұл адамдар арасында туберкулезге шалдығу қаупінің төмендеуіне әкеледі.

57-71 337
Аннотация

Мына мақалада микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділік мәселесіне арналған ғылыми мақалалардың шолуы ұсынылған. Антибиотикорезистенттілік туралы қазіргі заманғы түсініктер, микроорганизмдерді антибиотиктердің әсеріне сезімтал және төзімді деп бөлу мәселелері жинақталған, минималды ингибирлеуші концентрацияның заманауи тұрғыдан түсінігі ашылған. Антибиотикорезистенттіліктің негізгі даму механизмдері, төзімділік, төзімділікті беруге жауапты векторлар мен гендер сипатталған. Микроорганизмдердің бактерияға қарсы құралдарға төзімділігі туа біткен және жүре пайда болған болуы мүмкін. Streptococcus pneumoniae, Haemophilus influenzae, Staphylococcus aureus, Moraxella catarrhalis сияқты бактерия қоздырғыштары және басқа да грамоң және грамтеріс бактериялар сипатталған. Метаболикалық белсенділіктің өзгеруі, фенотиптік икемділік, пленкалардың түзілуі сияқты тұқым қуаламайтын төзімділік механизмдері көрсетілген. Антибиотикорезистенттіліктің эволюциясы бірнеше негізгі кезеңнен өтетіні баяндалған. Антибиотикорезистенттіліктің эволюциясын зерттеудегі бір бағыт биопленкалар түзетін бактериялық қауымдастықтарды, оқшауланған бактериялық штаммдарды емес, зерттеу болуы тиіс, себебі биопленкаларда микроорганизмдер фенотиптік төзімділік механизмдерінің есебінен әртүрлі антибиотиктерге төмен сезімталдық танытады.
АР-мен күресу әдістері бірнеше бағыттарды қамтиды: антибиотиктерді ұтымды пайдалану, жаңа антибиотиктерді әзірлеу, вакцинация

72-80 366
Аннотация

Бұл мақала дайын өнімнің негізгі физикалық-химиялық көрсеткіштері ретінде вакцинаның сыртқы түрін, ерігіштігін, сутегі иондарының концентрациясын (рН), ылғалдың массалық үлесін анықтауға арналған. Олардың жарамдылық мерзімі, тұтынушылық қасиеттері және қауіпсіздігі дәрілік заттардың сапа деңгейіне байланысты. Сапаны бағалау үшін зертханалық талдау жүргізілді, оның нәтижелері бойынша нақты мәндер стандарт мәндерімен салыстырылды. Вакцинаның сапасын бақылау биологиялық өнеркәсіпте Ла Сота штаммынан Ньюкасл ауруына қарсы күресу үшін қабылданған стандарттарға сәйкес жүргізілді. Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтында өндірілген асыл тұқымды және тауарлық құс фабрикаларында Ньюкасл ауруының профилактикасына арналған үш сериялы тірі вакцина болды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде барлық мәндер ҰС 405-1919-04 GP-100-2019 талаптарына сәйкес келетін рұқсат етілген шектерде болды



ISSN 2707-7241 (Print)
ISSN 2957-5702 (Online)