Preview

Биоқауіпсіздік және Биотехнология

Кеңейтілген іздеу
№ 13 (2023)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРҒАУ

6-22 375
Аннотация

Соңғы онжылдықта COVID-19, маймыл шешегі және т.б. сияқты жұқпалы аурулардың өршуінің жоғарылауы биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін биологиялық қауіп-қатерді бағалау қадамдарын қайта қарауға мәжбүр етті. Бұл аурулардың жылдам жаһандық таралуы оларды диагностикалау, емдеу және бақылау тұрғысынан үкімет пен халықаралық мекемелерге үлкен қысым жасайды. Осыған байланысты диагностиканы, емдеуді, жұқпалы ауруларды зерттеулермен бірге, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы өз әлеуетін зерделеу керек, сонымен қатар биоқауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды жетілдіру қажет. Туындайтын қауіптер мен қатерлерді тұрақты мониторингтеуді және бағалауды талап ететін биологиялық тәуекелді бағалау бойынша Қытай, Пәкістан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан елдерінің тәжірибесіне талдау жүргізілді. Мониторинг жұқпалы ауруларға тұрақты эпидемиологиялық қадағалау жүргізуді, аурулардың берілу үрдістері мен заңдылықтарын талдауды және алдын алу, және бақылау шараларының тиімділігін бағалауды қамтиды. Биологиялық тәуекелдерді үнемі бақылау және қайта бағалау арқылы елдер жаңа және пайда болған қауіптерді жою үшін өздерінің тәсілдері мен стратегияларын бейімдей алады. Қорытындылай келе, шетелдердің биологиялық тәуекелдерді бағалаудағы тәжірибесі биологиялық тәуекелдерді басқару және азайту жөніндегі жаһандық күш-жігерді жақсартуға көмектесетін озық тәжірибелер, стратегиялар мен технологиялар туралы құнды түсініктер береді. Бұл шолу мақаласы сенімді бақылау жүйелерінің, тиімді байланыс пен ынтымақтастықтың,  ғылыми-зерттеу  және  тәжірибелік-конструкторлық  жұмыстарға инвестициялардың, үнемі қырағылық пен биологиялық қауіптерге дайындықтың маңыздылығын көрсетеді.

23-42 322
Аннотация

Қазіргі таңда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының маңызды міндеттерінің бірі эпидемиялық аурулардың алдын алу, күресу және осы бағытта жаңаша әдістерді қарастыру болып табылады. Осы тұста адамзаттың инфекциялық аурулармен күресте жеңіске жетуіне көпжылдық тәжірибесі мен ғылыми жетістіктерінің қоры маңызды рөл атқарғаны анық. Бүгінде бірқатар мемлекеттердің бұқаралық ақпарат көздерінде дабыл қағып, жаңадан белең алып келе жатқан эпидемиялық аурулардың бірі – мешін шешегі. Мешін шешегінің Orthopoxvirus туыстығының жеке түрі ретінде алғаш тіркелуі XX ғасырдың ортасында Конго Демократиялық Республикасында анықталуымен байланысты болды. Кейінірек бірқатар мемлекеттерде бұл инфекцияның күрт өршуі Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының назарын аудартпай қоймады. Аталған аурумен күрес жолында зерттеушілердің алға қойған мақсаты вирустың геномын егжей-текжейлі зерттеп, оған қарсы егу шараларын және емдеу жолдарын қарастыру болып табылады. Ендігі жерде “мешін шешегінің адамзат үшін ауырпашылығы қандай, оның XX ғасырда халықаралық деңгейде адам шешегімен күресу шараларын жүргізгендей қауіптілік тудыруы мүмкін бе?” деген маңызды сұрақ туындайды. Жинақталған жаңа ғылыми деректер мен әдеби шолулар негізінде ұсынылған бұл мақалада осы сынды бірқатар түйткілді сұрақтарға жауап алатын боламыз.

43-49 351
Аннотация

Торайлардың ісіну ауруы қоздырғышыныңың резервуары жануарлар мен құстарға қауіп төндіріп, ауыр ішек инфекциясын тудыратын Escherichia coli. Қоздырғыштың көзі ауру және қайта жұқтырған жануарлар немесе үздіксіз эпизоотиялық тізбекті құрайтын жасырын бактерия тасымалдаушылары болып саналады. Сондықтан тірі вакциналар аурудың алдын алу үшін перспективті болып саналады. Бұл мақаланың мақсаты – қазіргі уақытта аурудың алдын алудың ықтимал шешімі ретінде E. coli АС-16 штамы негізінде жасалған әлсіздірілген вакцинаның өндірістік сынақтарын ұсыну. Тірі әлсіздірілген вакцина зертханалық жануарларды (ақ тышқандарды) сынау кезінде тұрақты вируленттілік пен белсенділікті көрсетті. 2020 жылдан 2022 жылға дейін барлығы 1364 шошқа мен 262 сиыр вакцинацияланды. Вакцинацияланған шошқалардан туған торайлар өміршең болып эшерихиозбен ауырмады. Сонымен қатар, бұзаулардың эшерихиозбен ауруы немесе өлімі тіркелген жоқ.

50-55 325
Аннотация

Адамның тамақтану рационында балық және балық өнімдері міндетті түрде құрамдас бөлігі ретінде маңызы зор. Бұл балық етінің тағамдық және қоректік құндылығы жағынан жоғары деңгейімен ерекшеленетінін көрсетеді. Алайда, кейбір жағдайларда балық адамдар үшін инфекция көзі болып табылады. Бұл кейбір паразитоздар мен инфекцияларда қатысты. Балықтардың паразитоздары табиғи су қоймаларында да, тоған балық өсіру шаруашылықтарында да кең таралған. Көбінесе балықтардағы паразитоздың ағымы қосымша микрофлораның қосылуымен қиындайды, бұл патологиялық процесті күшейтеді және адамдар үшін токсикоинфекция көзі болып табылады. Авторлар Куйбышев су қоймасы жағдайында табан мен көксеркенің постодиплостомозы кезіндегі микрофлораларға салыстырмалы талдау жүргізді. Зерттеу жүргізу кезінде ауру балықтың микрофлорасына түгендеу жүргізілген. Ол екі тұқымдас – Enterobacteriaceae, Vibrionaceae және үш тұқымдас Listeria, Pseudomonas, Staphylococcus микроорганизмдермен ұсынылған. Ауру балықтың мүшелері мен ұлпаларының зақымдануында да айырмашылықтар бар. Желбезектері максималды түрде залалданған. Минималды залалдану теріге тән. Постодиплостомозбен ауыратын балықтың өнімдік сапасы төмен болады. Шикі, жеткіліксіз қайнатылған, қуырылған, кептіріп тұздалған кезде бұл құрт инвазиясының көзі ретінде адамдарға қауіпті. Патогендік және шартты түрдегі патогенді микрофлорлар адам осындай балықтарды ас ретінде пайдаланғанда токсикоинфекцияның дамуына шартты түрде жағдай жасайды.

56-66 363
Аннотация

Бұл мақалада Халықаралық бидай мен жүгеріні жақсарту орталығынан (CIMMYT) алынған жартылай құрғақ орталарға ұсынылған факультативті және күздік бидай бақылау тәлімбағының (FAWWON-SA) 70 сортүлгінің құнды белгілерін зерттеу нәтижелері ұсынылған. Өсімдіктердің агрономиялық және иммунологиялық сипаттамаларын далалық жағдайда зерттеу селекцияда үлкен маңызға ие, өйткені ол ең жақсы генотиптерді тиімдірек таңдауға мүмкіндік береді, құнды белгілердің көздерін анықтайды сонымен қатар селекциялық жұмыстың дәлдігін арттырады. Нәтижелер көрсеткендей, 57 сортүлгінің қысқа төзімділігі жоғары, ал пісу күндері 242-ден 247 күн аралығында. 1000 дәннің салмағы 45,00-ден 97,33 граммға дейін ауытқыды, сонымен қатар ірі және толық болды. Тат ауруларының жасанды инфекциялық фонында 15 сортүлгі сабақ, жапырақ және сары татқа төзімді болды. Нәтижесінде бидай сортүлгілері агрономиялық және иммунологиялық белгілері бойынша топтастырылды. Қорытындылай келе зерттелген тәлімбақтың 41 сортүлгісі іріктеліп, селекцияда донор ретінде ұсынылды.

67-76 409
Аннотация

Осы мақалада биологиялық қауіпсіздік жүйесінің және биологиялық қорғау шараларының  түйінді  аспектілері  көрсетілген,  олар:  биологиялық  қатерлерді  бағалау, инженерлік-техникалық құралдары, қызметкерлерді медициналық-санитариялық бақылаудан өткізу жүйесі, қатты және сұйық қалдықтарды зарарсыздандыру және кәдеге жарату, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының нысандарында, өндірістік және ғылыми-эксперименттік зертханаларда, изоляторларда (виварийлерде) жүзеге асырылатын жұмыстар корсетілген. Бұндай жұмыстар, санитарлық ережелер мен ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай және де ДДСҰ ұсынған биоқауіпсіздік және биоқорғау талаптарын сақтау мақсатында бағытталған. Интернет ресурстарынан ақпарат іздеу және талдау үшін, біз орыс және ағылшын тілдеріндегі түйін сөздерді қолдандық. Нәтижесінде биологиялық қауіпсіздік талаптары мен биологиялық қорғау шараларын сақтау бойынша шетелдік және отандық әдебиет көздері талданды. Әдебиет көздерін талдау барысында, бұл талаптар мен шаралардың сақталмауы, қауіпті жұқпалы аурулардың штаммдарының шығып кетуіне, қасақана ұрлануына және стандартты операциялық процедуралардың тиісті түрде орындалмауы, қызметкерлердің зертханалық инфекциясын жұқтыруға, апат жағдайына әкеледі. БҚПҒЗИ-да биоқауіпсіздік және биоқорғау талаптарын сақтау бойынша қабылданып жатқан шаралар, қауіпті микроорганизмдердің таралуын, қызметкерлердің зертханалық инфекциясын жұқтыру қаупін, қауіпті микроорганизмдерге ену немесе ұрлау қаупін едәуір азайтады.



ISSN 2707-7241 (Print)
ISSN 2957-5702 (Online)