БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРҒАУ
мақалада жануарлардағы сібір жарасының топырақ ошақтарындағы эпизоотиялық жағдайды зерттеу деректері келтірілген. Аталған облыс аумағында ауру топырақ ошақтарының таралу географиясы анықталды. Тәжікстанның орталық-шығыс аймағындағы сібір жарасының эпизоотиялық жағдайы бүгінгі күнге дейін қолайсыз болып отырғаны анықталды. Соңғы 5 жылда РӨП бойынша аурумен қамту географиясы (аудан/қала) артып, 2016-2020 жылдары 13 аудан мен қаланың 8-інде (61,5%) жануарлар арасында сібір жарасы тіркелгені анықталды. Ауыл шаруашылығы жануарлары мен адамдар арасында аурудың мезгіл-мезгіл қайталануымен сібір жарасының қайталану ықтималдылығы дамыған мал шаруашылығы аймақтарында және малды көшіру жолдарында тұрақты жұмыс істемейтін нүктелердің көп болуымен байланысты екені анықталды.
микротасымалдағыштар – көлемі 90-350 мкм болатын, бетінде моноқабат түрінде жасушалар өсетін ұсақ қатты бөлшектер. Микротасымалдағыштардың негізгі екі қасиеті – жасушалардың адгезиясы және көп мөлшердегі соңғы жасуша өнімі болып табылады. Әртүрлі параметрлері бойынша жүргізілген салыстырмалы зерттеудің нәтижелеріне сүйенсек, әрбір микротасымалдауыштардың өзіне тән артықшылығы мен кемшіліктері қатар жүретіні анықталған. Біздің зерттеуімізде SEPLIFE® LX-MC-dex1 және Cytodex 3 микротасымалдағыштарының қасиеттері салыстыра отырып зерттелінген. Зерттеу нәтижелерінен құрамында жасанды заты бар SEPLIFE® LX-MC-dex1 өндірісте кең тараған Cytodex 3 микротасымалдағышынан барлық қасиеттері мен қолданудағы ыңғайлылығы жағынан кем түспейтіндігі анықталды. SEPLIFE® LX-MC-dex1 микротасымалдағышының негізгі артықшылығы бағасының тиімділігінде, яғни Cytodex 3-тен 5 есе арзан болып табылады. Осыған байланысты SEPLIFE® LX-MC-dex1 микротасымалдағышы экономикалық жағынан да тиімді деп танылды.
Бұл мақалада соңғы үш жыл ішінде (2020-2022 жж.) Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде сібір жарасы бойынша эпизоотиялық және эпидемиологиялық жағдайы ұсынылған. Бұл аурудың елден тыс жерлерге енуі мен таралуының ықтимал қауіптері көрсетілген.
қазіргі уақытта топырақтың ластануы негізгі экологиялық проблема болып табылады. Бұл ластанған топырақты ең қолайлы және тиімді тазарту әдістерімен қалпына келтірудің үлкен қажеттілігіне алып келеді. Ластанған жерлерді қалпына келтіру және биоремедиациялау әдетте ластаушы заттарды физикалық жоюды немесе микроорганизмдерді қолдану арқылы биологиялық тұрғыда әсер етуді қамтиды. Физикалық қалпына келтірудің негізгі стратегиясы қымбатөзіне тән емес және көбінесе микро ортаны бұзып, топырақты одан әрі пайдалануға жарамсыз етеді. Осы қауіптерге байланысты ластанған жерлерді тазарту үшін фитостабилизация, фиторемедиация және фитофильтрация сияқты экологиялық таза және тұрақты тәсілдерге деген қызығушылық артты. Бұл мақалада ауыр металлдардан топырақтың фиторемедиациясында одан әрі пайдалану үшін қант құмайының жоғары өнімді генотиптерін таңдауға ерекше назар аударылады. Әлемде бүгінгі таңда ауыр металлдарды қоршаған ортадан өсімдіктер арқылы алып тастау өте тиімді және өте пайдалыі әдіс. Осыған байланысты перспективалы өсімдіктерді анықтау және зерттеу сәтті биотехнологияның негізі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, құмай дақылдары қызығушылықты тудырады. Олар ерекше құрғақшылық, ыстық пен тұзға төзімділік сияқты қасиеттерге ие.
оқшауланған клостридиялардың биологиялық қасиеттері зерттелді, мәдени морфологиялық қасиеттері бойынша клостридия изоляттары анықталды.
метапневмовирустар, энтеровирустар, риновирустар, бокавирустар. Қоршаған ортаның өзгеруі, климаттың жылынуы, халықтың тығыздығының артуы халықтың көші-қон белсенділігі және басқа факторлар бүкіл әлемде жаңа инфекциялардың пайда болуын және таралуын тудырады. 2019 жылдың желтоқсанында Жаңа коронавирус тудырған аурулардың пайда болуы («Coronavirus disease 2019») халықаралық маңызы бар төтенше жағдай ретінде тарихқа енді. Жаңа инфекцияның ең көп таралған клиникалық көрінісі пневмония, сондай-ақ пациенттердің көп бөлігінде тыныс алу жүйесінің бұзылғаны байқалды.бұл шолу мақалада жедел респираторлық вирустық инфекциялар – ЖРВИ ауырған кезде короновирустық инфекцияның рөліне қысқаша сипаттау берілген. Бұл тұмау вирустары, коронавирустар, соның ішінде SARS-CoV-2, парагрипп вирустары, аденовирустар, пневмовирустар, сонымен қатар респираторлық синцитиальды вирус және
ISSN 2957-5702 (Online)