Preview

Биоқауіпсіздік және Биотехнология

Кеңейтілген іздеу

Жаңа буын секвенирлеу технологиясы және оның сүт өнімдерінің микробиомын зерттеуде қолданылуы

Аңдатпа

Соңғы жылдары микробиологиялық қауымдастықтарды зерттеуге бағытталған ғылыми зерттеулердің қарқынды дамуы жаңа молекулалық әдістердің пайда болуына алып келді. Солардың ішінде жаңа буын секвенирлеу (Next Generation Sequencing, NGS) технологиясы микроорганизмдердің генетикалық материалын жоғары дәлдікпен және қысқа уақыт ішінде зерттеуге мүмкіндік беретін тиімді құралдардың бірі. Бұл технология микробиомды зерттеуде кеңінен қолданылып, микроорганизмдердің таксономиялық құрамын анықтауға, олардың әртүрлілігін бағалауға және функционалдық мүмкіндіктерін талдауға жағдай жасайды.

Сүт және сүт өнімдері микроорганизмдердің дамуына қолайлы орта, сондықтан олардың микробиологиялық құрамын зерттеу тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өнім сапасын бақылау үшін маңызды. NGS технологиясы сүт өнімдерінің микробиомын зерттеуде микроорганизмдердің қауымдастық құрылымын анықтауға, олардың өзара әрекеттесуін талдауға және өнімнің сапасына әсер ететін микробиологиялық факторларды анықтауға мүмкіндік береді.

Бұл мақалада жаңа буын секвенирлеу технологиясының даму тарихы, метагеномикалық талдау әдістері және микробиомды зерттеудің негізгі тәсілдері қарастырылады. Сонымен қатар сүт және сүт өнімдерінің микробиомын зерттеуде NGS технологиясын қолданудың негізгі бағыттары талданады. Әдеби деректерді талдау нәтижелері NGS технологиясының сүт өнімдерінің микробиологиялық құрамын зерттеуде және тағам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды ғылыми құрал болып табылатынын көрсетеді.

Авторлар туралы

Сағыман Жадыра
Жетысуский университет имени И. Жансугурова
Қазақстан


Гулмира Тынышбаевна Касенова

Қазақстан


Аяулым Ержановна Муратбекова

Қазақстан


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Жадыра С., Касенова Г.Т., Муратбекова А.Е. Жаңа буын секвенирлеу технологиясы және оның сүт өнімдерінің микробиомын зерттеуде қолданылуы. Биоқауіпсіздік және Биотехнология. 2026;(25).

Қараулар: 6

JATS XML


ISSN 2707-7241 (Print)
ISSN 2957-5702 (Online)